Q Football

Рафинья: «Хесус де Мигельдің отбасына көңіл айтамын»

Рафинья: «Хесус де Мигельдің отбасына көңіл айтамын»

«Барселона» форварды қаза тапқан «Тенерифе» форвардының отбасына көңіл айтты

«Футбол туралы сөйлегім келіп тұрған жоқ. Хесус де Мигельдің отбасына күш-қуат тілеймін. Жатқан жері жайлы болсын.

Өте ауыр жағдай. Кез-келген футболшының басына келуі мүмкін еді. Қаралы хабардан кейін алаңға шығу тіпті қиын болды»,– деді 29 жастағы бразилиялық шабуылшы Чемпиондар лигасындағы «Астон Виллаға» қарсы кездесуден (3:0) кейін.

Хесус де Мигель Сегунданың 12-туры аясындағы «Андорраға» қарсы ойында (2:2) қарсылас қақпашысымен соқтығысып, матчтан кейін көз жұмған еді.