Q Football

«Сабах» — «Барселона» кездесуін шотландиялық төрешілер басқарады

«Сабах» — «Барселона» кездесуін шотландиялық төрешілер басқарады
Scottish Football Association

УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур аясында өтетін «Сабах» пен «Барселона» арасындағы матчқа төрешілер бригадасын тағайындады.

Кездесудің бас төрешісі шотландиялық Николас Уолш болады. Оған қапталда Фрэнсис Коннор мен Дэниел Макфарлейн көмектеседі. Төртінші төреші — Дональд Робертсон, ал VAR жүйесіне Эндрю Даллас жауап береді.

Матч 25 қарашада Бакудегі Олимпиада стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 21:45-те басталады.