The Standard хабарлауынша, 25 жастағы ойыншы Чемпиондар лигасының бесінші туры аясында «Эмирейтсте» өтетін Дортмундтың «Боруссиясына» қарсы кездесуге қатысады деп күтілуде. Ойын ертең сағат 01:00-ге жоспарланған.
Салиба Франция құрамасының сапында Әлем чемпионатының жартылай финалындағы Испанияға (0:2) қарсы ойында арқасын зақымдап алып, содан бері ойнамаған еді.
