Топта бірінші орынға негізгі үміткер — Словакия. Оның топ жеңімпазы атану мүмкіндігі 93,3 пайыз, ал дивизионда жоғарылау ықтималдығы 96,6 пайыз деп бағаланған.
Қазақстан құрамасының топта бірінші орын алуының ықтималдығы 0,9 пайызды құрайды. Ал екінші орынға шығып, плей-оффқа қатысу мүмкіндігі 19,2 пайыз деп көрсетілген.
Жалпы алғанда, Қазақстанның дивизионда жоғарылау ықтималдығы 5,1 пайызға бағаланып отыр.
Ұлттар лигасының қазіргі кезеңінде Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең ойнады. Кейін Словакия мен Молдоваға бірдей 1:2 есебімен жол берді.
