Мартин бұл туралы CCARDINAL арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Sports.kz. Құраманы жаттықтыру туралы сұрақ бапкер үшін күтпеген жерден қойылған.
«Шынымды айтсам, бұл сұраққа дайын емес едім. Бұған дейін клубтағы жұмысыма көбірек көңіл бөлдім. Сол деңгейде әлі де дәлелдейтін нәрсем бар деп ойлаймын. Бірақ Қазақстан футбол федерациясы ұсыныс жасаса, қатты ойланар едім», — деді Мартин.
Бапкер Қазақстан басшылығы да, елдің өзі де үлкен мақсат көздейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бәрі нәтиже күтеді, ал бұл өзінің де ұстанымына сай. Дегенмен Мартин қандай шешім қабылдайтынын қазір айта алмайды.
«Нақты әңгіме де, ұсыныс та жоқ. Сондықтан оны талқылаудың мәні жоқ. Бірақ мұндай ұсыныс түссе, оны міндетті түрде талқылар едім», — деді ол. Бапкер әзірге әркім өз алдағы жоспарына көңіл бөліп жатқанын айтып, Қазақстан құрамасына сәттілік тіледі. Өзі де мансабындағы келесі кезеңге дайындалуы керек екенін жеткізді.
Мартиннің соңғы жұмыс орны «Ордабасы» болды. Молдова маманының жетекшілігімен команда өз тарихында екінші рет Қазақстан чемпионы атанды.
