Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері лауазымына үміткерлердің қысқа тізімін жасады. QFootball.kz ASnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлағандай, федерация тізіміне жеті маман енген. Қазіргі уақытта шетелдік үш үміткердің есімі белгілі: португалиялық Паулу Бенту, франциялық-марокколық бапкер Валид Реграги және австралиялық Кевин Мускат.
Жаңа бапкерді іздеу нидерландтық маман Джон ван ’т Схиптің алдағы уақытта қызметінен кетуіне байланысты. Бұған дейін ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн бапкердің 2026/27 жылғы маусымдағы УЕФА Ұлттар лигасы аяқталғаннан кейін құрамамен жұмысын жалғастырмайтынын ресми түрде растаған.
Ван ’т Схиптің жетекшілігімен ұлттық құрама турнирдің C дивизионында сәтсіз өнер көрсетті: өткізген алты матчта Қазақстан құрамасы бірде-бір жеңіске жетпей (үш тең ойын және үш жеңіліс), Словакия, Фарер аралдары және Молдова да ойнаған топтың турнир кестесінде соңғы орынға тұрақтады.
