Клуб баспасөз қызметі сан сіңірінің үзілуіне байланысты ота жасатқан нигериялық вингер Сэмюэл Чуквуэзенің жағдайы туралы ресми мәлімдеме таратты.
Операция сәтті өтіп, ойыншы кешенді оңалту бағдарламасынан өту үшін бүгін Италияға оралуда, алайда беделді инсайдер Джанлука Ди Марционың ақпараты бойынша, футболшының алаңға оралуы кем дегенде үш айдан кейін ғана күтіледі.
Еске сала кетейік, 27 жастағы шабуылшы 18 қазанда Италия А Сериясы аясында «Аталантаға» қарсы өткен кездесуде (3:2) ауыр жарақат алып қалған еді. Осы маусымда нигериялық легионер «россонери» сапында барлық турнирлерде сегіз матчқа қатысып, екі нәтижелі паспен көзге түсті.
