«Реал» бізге екі рет қоңырау шалып, ешқандай байланыс болмағанын және қазір де жоқ екенін жеткізді», — деді Эберль демалыс күндері жанкүйерлер клубымен кездесуде.
Бұған дейін «Бавария» президенті Герберт Хайнер де мадридтік клуб басшысы Флорентино Переспен Олисенің жағдайын талқылағанын айтқан болатын. Оның сөзінше, Перес «Реалдың» футболшымен де, оның агентімен де ешқашан байланысқа шықпағанын мәлімдеген. Мадридтік клуб 2026 жылдың жазында француз ойыншысын сатып алу жоспары жоқ екенін ресми түрде де жариялаған.
Соңғы трансферлік кезеңде 24 жастағы вингердің «корольдік клубқа» ауысуы мүмкін екені туралы қауесеттер жиі тарады. Бұған дейін Перес жанкүйерлеріне Криштиану Роналду деңгейіндегі ірі трансфер жасауға уәде берген еді. Бірқатар БАҚ бұл сөз Олисе туралы болуы мүмкін деп жазды.
Сонымен қатар L’Equipe басылымының мәліметінше, Франция құрамасындағы әріптестері Килиан Мбаппе мен Ибраима Конате де оны Мадридке ауысуға көндіруге тырысқан.
Олисені «Бавариямен» байланыстыратын келісімшарт 2029 жылға дейін жарамды. Қазіргі уақытта оның клубтан мерзімінен бұрын кетуі қарастырылып жатқан жоқ. Дегенмен мюнхендіктер алдағы уақытта футболшының өкілдерімен келісімшартты ұзарту мәселесін талқылауды жоспарлап отыр.
