ESPN хабарлауынша, «россонерри» қысқы трансфер кезеңінде Эндрикті қатарға қосуды көздейді.
Мадридтің клубы бразилиялық форвард үшін шамамен 60-70 миллион еуро сұрамақ. Сондай-ақ «бланкос» Эндрикті тек қайта сатып алу құқығымен ғана беруге дайын.
20 жастағы ойыншы осы маусымда сегіз матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Оның Мадрид клубымен келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
