Q Football

Вирджил ван Дейк «Ювентуске» ауысуы мүмкін

Вирджил ван Дейк «Ювентуске» ауысуы мүмкін
Фото: Michael Regan / Getty Images

«Ливерпуль» қорғаушысы ат басын Италияға бұруы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, Туриннің клубы 35 жастағы ойыншыны жазда еркін агент атанған кезінде қатарына тегін қосып алғысы келеді.

Сондай-ақ Вирджилге «Милан» қызығушылық танытып отыр. Ал «Ливерпуль» онымен 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзарту жөнінде келіссөз жүргізіп жатқан жоқ.

Ван Дейк Мерсисайд клубының намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. Нидерланд құрамасының ойыншысы осы маусымда 16 матчқа қатысты, бірақ нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.