Q Football

«Тобыл» Асхат Тағыбергенмен келісімшартты ұзартты

«Тобыл» Асхат Тағыбергенмен келісімшартты ұзартты

Қостанайлық «Тобыл» команда капитаны әрі жартылай қорғаушы Асхат Тағыбергенмен келісімшарт мерзімін ұзартқанын ресми түрде жариялады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен маусымда футболшы команда сапында 29 матч өткізіп, үш гол соғып, жеті нәтижелі пас берген. Сонымен қатар биыл Тағыберген Қазақстан Премьер-лигасындағы 400 ойынын өткізген болатын.

Клуб президенті Айдос Дүйсенбиев капитанның команда үшін маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, Асхаттың мол тәжірибесі, көшбасшылық қасиеттері және клуб талаптарын жақсы білуі «Тобылға» жаңа маусымда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі.