Q Football

Сарапшылар Қазақстан құрамасының ойыншыларына Словакиямен кездесу үшін баға қойды

Сарапшылар Қазақстан құрамасының ойыншыларына Словакиямен кездесу үшін баға қойды

Flashscore.com статистикалық порталы Джон ван ’т Схиптің шәкірттері словактардан 1:2 есебімен ұтылған Ұлттар лигасының екінші турындағы жеке нәтижелерді қорытындылады.

Алаң иелері сапында ең жоғары бағаға жартылай қорғаушы Арсен Әшірбек лайық деп танылды — ол алаңдағы пайдалы әрекеттері үшін 7,4 балл алды. Ал оның осы позициядағы әріптесі Дінмұхаммед Қараман керісінше нәтиже көрсетті: ресурс сарапшылары оның ойынын ең сәтсіз деп тауып, небәрі 5,1 балл берді.

Өткен екі турдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың еншісінде Фарер аралдарымен сырт алаңда өткен кездесуде (1:1) еншілеген бір ұпай бар. Енді ұлттық құрама 2 қазанда Астанада Молдоваға қарсы өтетін өз алаңындағы ойынға дайындалуда.