Ұлттар лигасының С дивизионы, 3-топтағы ойындар аясында Қазақстан құрамасы алғашқы турда Фарер аралдарымен кездеседі. Матч 26 қыркүйекте Торсхавнда өтеді. Бұл топта Қазақстанның өзге қарсыластары ретінде Словакия мен Молдова да бар.
Фарер аралдары құрамасының Қазақстанға қарсы өтетін ойынға берген өтініміне Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсетіп жүрген Йоханнес Бьортали енгізілді. Ол биыл ҚПЛ-де «Қызылжар» сапында 22 матч өткізіп, үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.
Бьорталидің ұлттық құрамадағы көрсеткіші де белгілі: ол осы уақытқа дейін Фарер аралдарының басты командасы үшін 42 ойынға қатысып, үш гол және үш голдік паспен көзге түскен.
