Ең қызығы, «Ливерпуль» 90 минут бойы «Энфилдте» қақпаға бірде-бір тура соққы бағыттай алмады. Мұндай көрсеткіш тарихта бұрын-соңды болмаған.
Тоғыз турдан кейін 13 ұпай жинаған Андони Ираоланың шәкірттері ішкі біріншілікте 5-орынға жайғасқан. «Қызылдар» келесі ойында Чемпиондар лигасының төртінші туры аясында «Фенербахчемен» күш сынасады. Ыстамбұлда өтетін матч 4 қараша күні сағат 22:45-те басталады.
