Q Football

«Мен қарақшыны желкеден ұрып, кейін өзім де басымнан соққы алдым. Есімнен танғанда, тамағымның тұсында пышақты көрдім». Канселу Манчестердегі үйін тонау туралы

«Мен қарақшыны желкеден ұрып, кейін өзім де басымнан соққы алдым. Есімнен танғанда, тамағымның тұсында пышақты көрдім». Канселу Манчестердегі үйін тонау туралы

Португалия құрамасының қорғаушысы Жоау Канселу 2021 жылғы желтоқсанда оның үйіне жасалған шабуылды еске алды.

Жоау Канселу 2021 жылдың желтоқсанында үйіне қарақшылар түскен сәтті баяндады. Оның айтуынша, қаскөйлердің біреуі арқасын беріп тұрған кезде ол қарсылық көрсетуге үлгереміз бе деп ойлаған.

«Қарақшылардың біреуі маған арқасын беріп тұрған еді, сол сәтте бір әрекет жасап үлгеремін деп ойладым. Бүгін солай істегеніме өкінемін, бірақ жұдырықпен желкесінен бір ұрып үлгердім», - деді Канселу.

Қорғаушының сөзінше, әлгі адам алға құлап, қолындағы пышағын түсіріп алған. Канселу пышақты аяғымен әрі қарай теуіп жібергенін айтады. Алайда сол мезетте оның басына темір затпен соққы тиген.

«Ол алға қарай құлап түсті де, қолындағы пышағы түсіп қалды. Мен оны аяғыммен әрі қарай теуіп жібердім. Дәл сол мезетте басыма темір затпен соққы тиді. Қазір қалған тыртық та солай пайда болды - маған сегіз тігіс салды.

Есімнен танып қалдым, ал өзіме келгенде тамағыма тақалған пышақты көрдім», - деді Канселу.

Сондай-ақ Канселу 2013 жылғы жол апатында анасынан айырылғанын да еске алды. «Оның соңғы жан даусын ұмытпаймын. Оны алып шығу үшін көлікті бар күшіммен көтеруге тырыстым, бірақ қолымнан келмеді», - деді ол.