Рекорд жаңа маусымның алғашқы турында тіркелді. «Дарул Такзим» өз алаңында «Кучингті» 3:0 есебімен жеңіп, жеңіліс көрмеген матчтар санын 109-ға жеткізді.
Бұған дейін бұл көрсеткіш Кот-д’Ивуардың «АСЕК Мимозас» командасына тиесілі болған. Африкалық клуб 1989-1994 жылдары 108 кездесуде қатарынан жеңілмеген.
