Фарер аралдары — Қазақстан матчының тікелей эфирін «Qazsport» телеарнасы көрсетеді. Ойын Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады.
С дивизионының 3-тобында ұлттық құраманың өзге қарсыластары Словакия мен Молдова болады.
Қазақстан құрамасы соңғы кездесуін маусым айында өткізді. Жолдастық матчта команда Венгриядан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
