40 жастағы голкипер бұл жетістікке сырт алаңда «Атлетикоға» қарсы өткен кездесуде қол жеткізді. Бұған дейін ол Чемпиондар лигасында 163 матчтан өткізген Лионель Месси және Томас Мюллермен бірге жалпы рейтингтің үшінші орнын бөлісіп келген.
Енді Нойер өткізген матчтар саны бойынша тек Криштиану Роналду (183) мен Икер Касильястан (177) кейін тұр. Неміс қақпашысы 2007 жылдан бері Чемпиондар лигасында өнер көрсетіп келеді және мюнхендік клубпен бірге 2013 және 2020 жылдары турнирде екі рет топ жарған.
