Q Football

26 жылдық жұлдызды доптар дәуірінің соңы: Nike Чемпиондар лигасы мен УЕФА-ның барлық еурокубоктарында Adidas-ты алмастырады

26 жылдық жұлдызды доптар дәуірінің соңы: Nike Чемпиондар лигасы мен УЕФА-ның барлық еурокубоктарында Adidas-ты алмастырады

Еуропаның басты клубтық турнирінің ресми добы 2027/28 маусымынан бастап сыртқы келбетін толықтай өзгертеді.

Келісімшарт 2027–2031 жылдар аралығына, яғни төрт жылға есептелген және бұл Еуропаның басты клубтық турниріндегі «Адидастың» ширек ғасырдан асатын дәуірін аяқтайды.

Неміс бренді 2001 жылдан бері Чемпиондар лигасына үзіліссіз доп жеткізіп келді, ал сегіз бұрышты жұлдыздары бар дизайн бұрыннан басты футбол символдарының біріне айналды. «Адидас» добы Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымының финалында соңғы рет қолданылады.

Басты сұрақ — «Найк» турнирдің ресми логотипіне кіретін атышулы «жұлдызды» өрнекті сақтап қала ма деген ойда. УЕФА жаңа матчтық доптардың дизайны туралы егжей-тегжейлі ақпарат кейінірек хабарланатынын нақтылады.

2027/28 маусымынан бастап «Найк» УЕФА-ның барлық ерлер клубтық жарыстарына — Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференциялар лигасына (бұған дейін «Кипста» мен «Молтен» жұмыс істеген), сондай-ақ УЕФА Суперкубогына, Жастар лигасына және футзалдан Чемпиондар лигасына бірден доп жеткізеді.

«Найкпен» эксклюзивті кессөздерді америкалық «Релевант» агенттік компаниясы жүргізді. Ол УЕФА мен еуропалық клубтардың бірлескен кәсіпорнының (UC3) коммерциялық серіктесі ретінде әрекет етеді, оның негізін қалаушылардың бірі ретінде «Майами Долфинс» иесі Стивен Росс аталады.

Келісімшарт үшін күресте үш ірі бренд — «Найк», «Адидас» және «Пума» бақ сынасты. Инсайдерлердің мәліметінше, америкалықтардың ұсынысы жылына шамамен 45 миллион долларға бағаланып, бәсекелестерінен басым түсті. УЕФА жаңа коммерциялық циклде ерлер еурокубоктарының трансляциялары мен демеушілігінен түсетін жалпы табысты маусымына 5 миллиард еуродан (5,5 млрд доллар) асыруды көздеп отыр.