Бұған дейін «Реал» президенті Флорентино Перес клуб активтерін қорғауға және оның шамамен 100 мың мүшесінің нақты меншік иелері ретіндегі құқықтарын бекітуге бағытталған реформаны ұсынған еді.
Алайда бастаманың құқықтық тұрғыдан күрделі болуы басшылықты оны қарастыруды кейінге қалдыруға мәжбүр етті. Перес алдағы уақытта кезектен тыс жалпы жиналыс шақыруды жоспарлап отыр. Ал түпкілікті шешім клуб мүшелері арасындағы референдумда қабылдануы тиіс.
Әзірге алдағы жиналыстың негізгі тақырыбы маусымның қаржылық қорытындылары болмақ. «Реал» рекордтық 1,221 миллиард еуро табыс тапқанын мәлімдеді. Осылайша, клубтың жылдық кірісі қатарынан үшінші жыл бір миллиард еуродан асты.
