«Әдеттегідей, жаңа іріктеу циклі қарсаңында үміт жоғары. Ұлттар лигасындағы тобымызда әлемдік футболдың алпауыттары жоқ. Сондықтан Қазақстанның бұл топта бәсекеге түсуге мүмкіндігі бар. Оның үстіне командаға жаңа бапкер келіп, өз идеясын алып келді. Бұл үлкен қызығушылық тудырады.
Бүгін Қазақстан Джон ван ’т Схиптің басшылығымен алғашқы матчын өткізеді. Ол ҚПЛ ойындарын тамашалап, оқу-жаттығу жиынын өткізді және командамен танысып үлгерді деп ойлаймын. Енді оның идеялары алаңда қаншалықты жүзеге асатынын көреміз», — деді маман.
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы жаңа маусымдағы алғашқы кездесуін бүгін сырт алаңда Фарер аралдарына қарсы өткізеді. 29 қыркүйекте ұлттық құрама Словакиямен қонақта ойнаса, 2 қазанда «Астана Аренада» Молдованы қабылдайды. Ал 6 қазанда Фарер аралдары құрамасымен өз алаңындағы матчпен ойындар сериясын аяқтайды.
