Q Football

«Реалдың» капитаны клубпен жаңа келісімшарт жөнінде уағдаласты

«Реалдың» капитаны клубпен жаңа келісімшарт жөнінде уағдаласты
Реал Мадрид

Мадридтік «Реал» мен Федерико Вальверде алдағы ынтымақтастық туралы қағидатты келісімге келді, деп хабарлайды QFootball.kz.

Тараптар уругвайлық жартылай қорғаушыны испан клубымен 2031 жылға дейін байланыстыратын жаңа ұзақ мерзімді келісімнің шарттарын бекітті.

Журналист әрі инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, капитанның қолданыстағы келісімшарты жалақысының өсуін ескере отырып қайта қаралады. Барлық негізгі тармақтар келісілді, ал мәміле жақын арада ресми түрде рәсімделеді деп күтілуде.

Вальверде 2016 жылдан бері мадридтіктер сапында ойнап келеді. Осы уақыт ішінде 28 жастағы футболшы «кілегейлілер» сапында 370-тен астам кездесу өткізіп, қоржынын 14 командалық трофеймен толықтырды.