Q Football

Кувейт құрамасы мен «Барселона» матч өткізуге алдын ала келісті

Кувейт құрамасы мен «Барселона» матч өткізуге алдын ала келісті

Тараптар жолдастық ойынды 2027 жылғы ақпанда Кувейттің ұлттық мерекесі кезінде өткізгісі келеді. Бірақ кездесу әзірге ресми бекітілген жоқ.

Al-Anbaa басылымының хабарлауынша, Кувейт футбол қауымдастығының президенті шейх Ахмад әл-Юсеф 2026 жылғы 19 қараша, бейсенбі күні кешке «Барселонаның» вице-президенті Рафаэль Юстемен өз кеңсесінде кездескен. Олар матчты ұйымдастыру жайын талқылап, алдын ала уағдаласқан.

Әл-Юсефтің айтуынша, ойынның өтуі «Барселонаның» жағдайына және клубтың белгіленетін күні Кувейтке келе алуына байланысты.

Кувейт 25 ақпанда 1961 жылы алған тәуелсіздігін атап өтеді. Ал 26 ақпан — елдің Азаттық күні. Әл-Юсеф жолдастық матчты өткізуге Жабер әл-Ахмад атындағы халықаралық стадион ұсынылғанын айтты.

Материалда:
Барселона
Барселона