Q Football

Флик ван Дейк пен Бруну Фернандешті алғысы келмейді

Флик ван Дейк пен Бруну Фернандешті алғысы келмейді

«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик Вирджил ван Дейк пен Бруну Фернандешті шақырғысы келмейді. Екеуі де 2027 жылдың жазында еркін агент атануы мүмкін.

El Nacional мәліметінше, «Ливерпульдің» қорғаушысы ван Дейк пен «Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Фернандеш «Барселонаға» өтемақысыз ауыса алар еді. Бірақ Флик екі ойыншының да кандидатурасын қабылдамады.

«Барселона» 36 жастағы ван Дейктің жасына байланысты команда талабына сай келетініне күмәнданады.

Ал Фернандеш ойнайтын орында Дани Ольмо мен Фермин Лопес бар. Сондықтан Флик оны алуды басым міндет санамайды.