Q Football

Тапалов командадағы қайта құру кезеңінде жанкүйерлерді сабыр сақтауға шақырды

Тапалов командадағы қайта құру кезеңінде жанкүйерлерді сабыр сақтауға шақырды
©️ KFF

Ойыншы қайта құру кезінде жанкүйерлерді шыдамдылық танытуға үндеп, футболшылардың Еуропаға кетуінің маңызын атап өтті

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Еркін Тапалов Ұлттар лигасының алтыншы туры аясындағы Словакияға қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихатында жақында ФИФА рейтингінде 158-орында тұрған Молдовамен өткен матчтағы сәтсіздік туралы пікір білдірді. Ойыншы соңғы нәтижелерді жас футболшылардан көруге болмайтынын баса айтты, себебі құрама қазір төзім мен шыдамдылықты талап ететін қайта құру кезеңінен өтіп жатыр.

Сонымен қатар Тапалов ұлттық құраманың шетелде доп тебетін ойыншылары — Дастан Сәтпаев, Максим Самородов және Ислам Чесноковты ерекше атап өтіп, олардың жоғары деңгейін алға тартты. Жартылай қорғаушының сөзінше, Қазақстанның ішкі чемпионаты деңгейі жағынан шетелдік біріншіліктерден сәл төмендеу, сондықтан еуропалық клубтарда өнер көрсететін қазақстандық футболшылар көбейген кезде ғана құрама тұрақты жеңістерге жете алады.