Ол тактика мен ойыншыларды таңдауда мәселелер бар екенін айтып, 4-3-3 схемасының өзі дұрыс үйлесім болмаса, нәтиже бермейтінін атап өтті.
Есмагамбетов қазақстандық футболшылардың шетелдік чемпионаттарда аз ойнайтынына да назар аударды. Оның пікірінше, Словакия мен Фарер аралдары құрамаларынан айырмашылығы, Қазақстан ойыншыларының басым бөлігі ҚПЛ-де өнер көрсетеді. Бұл ұлттық құраманың деңгейіне әсер ететін факторлардың бірі.
Маман шабуылдағы мәселеге де тоқталды. Ұлттар лигасындағы үш ойында Қазақстан үш гол соққан, оның екеуін орталық қорғаушылар енгізген. Сонымен бірге ол команданың нәтижесі тек жарақат алған шабуылшылардың оралуына байланысты болмауы керектігін айтты.
«Фарер аралдарымен ойнау оңай болмайды. Егер бізді молдовалықтар жеңсе, Фарер аралдары да жеңе алады. Олар Астанаға жеңіс үшін келеді», — деді Есмагамбетов.
Маман 6 қазандағы кездесуді Қазақстан үшін шешуші ойын деп санайды. Оның пікірінше, команда алдыңғы нәтижелерден кейін реабилитация жасап, топтағы мүмкіндіктерін сақтап қалу үшін жеңіске жетуі керек.
«Ең бастысы — өз алаңымыздағы екі матчта да жеңілмей, абыройымызды сақтап қалу. Ұлттар лигасын іріктеу кезеңдеріне дайындық ретінде қарастыруға болмайды. Нәтижені дәл қазір көрсету керек», — деп түйіндеді ол.
