Q Football

Словакияға қарсы матчта Қазақстан құрамасының ең үздік және ең нашар ойыншылары аталды

Словакияға қарсы матчта Қазақстан құрамасының ең үздік және ең нашар ойыншылары аталды
Kff

«Flashscore.com» сайты Ұлттар лигасының алтыншы турында Словакия құрамасына қарсы өткен матчта (2:2) Қазақстан құрамасының футболшыларының ойынын бағалады

Ең үздік ойыншы ретінде жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек танылды. Ол матчта екі голдік пас беріп, 8,6 балл жинады.

Ал қазақстандықтар сапындағы ең төмен баға қақпашы Стас Покатиловқа берілді: портал оның ойынын 5,6 баллмен бағалады.

Осы нәтижеден кейін Ұлттар лигасының С дивизионы, 3-топта Қазақстан құрамасы үш ұпаймен соңғы - төртінші орынға тұрақтады. Команда турнир барысында жеңіске жете алмады: үш рет тең ойнап, үш матчта жеңілді.

Сонымен бірге 2028/29 маусымынан бастап турнир форматы өзгеретіндіктен, Қазақстан С дивизионындағы орнын сақтап қалады. Себебі D дивизионы енді болмайды.