Q Football

CAS Марокконы 2025 жылғы Африка ұлттары кубогының жеңімпазы деп таниды

CAS Марокконы 2025 жылғы Африка ұлттары кубогының жеңімпазы деп таниды

Спорттық арбитраж соты 24 қарашада турнирдің даулы финалына қатысты түпкілікті шешім шығаруы тиіс. Сенегал құрамасы матчтан кейін өзіне тіркелген техникалық жеңіліске қарсы шағым түсірген.

Испанияның Marca басылымының мәліметінше, сот шешімі Марокко құрамасының пайдасына шығарылады. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Еске сала кетейік, финал 2026 жылдың 18 қаңтарында өтті. Төреші негізгі уақытқа қосылған минуттарда Марокко пайдасына пенальти белгілегеннен кейін сенегалдық футболшылар наразылық ретінде алаңнан кетіп қалды. 15 минуттан астам уақыт өткен соң команда капитаны Садио Мане әріптестерін ойынға қайта оралуға көндірді.

Браим Диас он бір метрлік айып добын сәтті орындай алмады. Ол «паненка» әдісімен соққы жасап, допты қақпашы Эдуар Мендидің қолына бағыттады. Қосымша уақытта Пап Гейе жалғыз голды соғып, Сенегалға 1:0 есебімен жеңіс сыйлады.

Алайда наурыз айында Африка футбол конфедерациясының (КАФ) Апелляциялық комитеті Сенегал құрамасына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс тіркеп, чемпиондық атақты Мароккоға берді. Сенегал футбол федерациясы бұл шешімге қарсы CAS-қа шағым түсірді.