Q Football

Артета Чемпиондар лигасы матчының алдында ағайынды Беллингемдерге тәнті болды

Артета Чемпиондар лигасы матчының алдында ағайынды Беллингемдерге тәнті болды

«Арсеналдың» бас бапкері Джуд пен Джобтың жетістіктерін жоғары бағалап, олардың ата-анасы ұлдарымен мақтана алатынын атап өтті.

Лондондық клуб алдағы матчтарда екі футболшымен де кездеседі. Алдымен команда Беллингемдердің кішісі өнер көрсететін дортмундтық «Боруссияға» қарсы ойнайды. Ал екі аптадан кейін үлкені ойнайтын мадридтік «Реалмен» күш сынасады.

«Ертең біз Джоб Беллингемге қарсы ойнаймыз, ал екі аптадан кейін Джудпен кездесеміз. Екеуі де керемет футболшылар, тамаша жетістіктерге жетіп жүр. Олардың ата-анасы ұлдарымен шын мәнінде мақтана алады», — деді Микель Артета.