Fotomaç мәліметінше, стамбұлдық клуб 32 жастағы, 10-нөмірлі рөлде ойнайтын жартылай қорғаушының өкілімен жақын арада келіссөз бастамақ.
Фернандеш «Манчестер Юнайтедпен» келісімшартын ұзарту жөнінде келіссөз жүргізбеген. Басылым оның жаңа келісімге аса құлықты емес екенін жазып, «Галатасарайдың» мүмкіндігі бар деп есептейді.
Фернандеш «Манчестер Юнайтед» сапында барлығы 342 матч өткізіп, 113 гол соқты және 111 нәтижелі пас берді. Осы маусымдағы 15 ойында ол 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас жасады.
