Q Football

Артета «Арсеналмен» жаңа келісімшарт жөнінде келісімге келді

Артета «Арсеналмен» жаңа келісімшарт жөнінде келісімге келді

Микель Артетаның 2024 жылдың қыркүйегінде қол қойған қазіргі келісімшарты келесі жазда аяқталады. Алайда тараптар жаңа шарттың негізгі талаптарын бірнеше апта бұрын келісіп қойған.

Бапкердің өзі «Брайтонмен» матч алдында алаңдауға негіз жоқ екенін аңғартты.

«Меніңше, біз барлық мәселеде бір бағытта ойлаймыз. Амбициямыз да, қалауымыз да бірдей. Қолайлы уақыт келгенде бәрін ресми түрде рәсімдейміз», — деді Артета.

Әзірге жаңа келісімшартқа қол қойылған жоқ. Sky Sports News мәліметінше, клуб та келісім туралы ресми хабарламаған, бірақ тараптар іс жүзінде ортақ мәмілеге келген.

«Енді тек формалдық мәселелерді шешу қалды — отырып, келісімшартқа қол қою керек», — деді тілші Гэри Коттерилл.

Жаңа келісім алдағы екі апта ішінде, халықаралық үзіліс кезінде рәсімделуі мүмкін. Екі жыл бұрын Артетаның қазіргі келісімшарты да дәл осындай кезеңде жасалған еді.

Испаниялық маман «Арсеналды» 2019 жылдан бері басқарып келеді. Оның тұсында команда Англия кубогын, ел Суперкубогын үш рет жеңіп алды, ал өткен маусымда 22 жылдан кейін АПЛ чемпионы атанды.