Q Football

Тибо Куртуа Жозе Моуриньо туралы пікір білдірді

Тибо Куртуа Жозе Моуриньо туралы пікір білдірді
josemourinho

«Реал» қақпашысы ПСВ-ға қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатында бас бапкер Жозе Моуриньоның жұмысына қатысты ойын айтты.

«Мен оны 22 жасымнан бері білемін. Яғни, көп жылдан бері таныспыз. Жылдар өте келе адамның өзі де өзгереді ғой. Кейбір нәрселерге сабырмен қарап, бұрынғыдай қатты қысым жасамауы мүмкін. Команда ішінде ол сабырлы, бірақ бір нәрсені ашық айту қажет болса, ойын тура жеткізеді.

Мысалы, жақында үзіліс кезінде ойыншыларға өз пікірін анық айтты. Меніңше, мұндай әрекеттер командаға пайдасын тигізеді. Ол — тамаша бапкер. Әрине, біз команда ретінде жеңісті жалғастырып, маусым соңында жүлделерге қол жеткізгіміз келеді», — деді Куртуа.