2026 жылдың 6 қазанында Йонин қаласындағы «Йонин Мірю» стадионында Оңтүстік Корея мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізді. Кездесу алаң иелерінің 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Ойынның шешуші сәті Оңтүстік Корея капитаны Сон Хын Миннің голы болды. 34 жастағы шабуылшы 6-минутта айып добынан дәл соғып, есеп ашты. Бұл оның ұлттық құрамадағы 59-голы болып тіркеліп, Сонды Оңтүстік Корея құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген ретінде жеке-дара алға шығарды.
Осыған дейінгі рекорд Чха Бом Гынға тиесілі еді. Франкфурттік «Айнтрахт» пен леверкузендік «Байердің» аңызға айналған бұрынғы форварды 1972-1986 жылдар аралығында құрама сапында 58 рет гол соққан.
Сон Хын Мин матч саны бойынша да ел рекордсмені мәртебесін ұстап тұр: Өзбекстаннан қарсы ойын оның ұлттық құрамадағы 151-матчы болды.
Клубтық мансабына келсек, Сон ұзақ жыл Лондонның «Тоттенхэм» командасында ойнады. 2025 жылдың тамызында ол МЛС-тегі америкалық «Лос-Анджелеске» ауысып, қазір сол клубта өнер көрсетіп жүр.
Оңтүстік Корея құрамасы қазір 2027 жылғы Азия кубогына дайындалып жатыр. Қаңтарда басталатын турнирде корейлер Е тобында БАӘ, Вьетнам және Йеменмен кездеседі.
Бұған дейін АФК Ұлттар лигасын енгізетіні хабарланған. Бұл бастама әлем чемпионаты мен Азия кубогына іріктеу жүйесіне түбегейлі өзгеріс әкелмек.
