Аталған топ төрт командадан тұратын квартеттер қатарына кіреді. Мұндай топтардағы іріктеу матчтары 2027 жылдың қыркүйегінде басталады.
Еуро-2028 іріктеу турнирінің ресми жеребесі 2026 жылдың 6 желтоқсанында Белфастта өтеді. Ал бес командадан құралған топтарда іріктеу ойындары 2027 жылдың наурыз айында басталады.
Еуро-2028-ге іріктеудің жаңа жүйесі 2026/2027 маусымындағы Ұлттар лигасының нәтижелеріне тәуелді. Осы турнирдің қорытынды рейтингі негізгі жеребе кезінде құрамалардың себеттер бойынша қалай бөлінетінін айқындайды.
Дәстүрлі іріктеу 4 немесе 5 командадан тұратын 12 топтан құралады. Еуропа чемпионатына тікелей жолдаманы 12 топ жеңімпазы және екінші орын алғандардың ішіндегі үздік 8 құрама алады. Қалған төрт жолдама 2028 жылдың көктемінде плей-офф форматындағы түйісу матчтарында сарапқа салынады - онда әдеттегі іріктеу арқылы өте алмаған, бірақ Ұлттар лигасында өз топтарын ұтқан үздік құрамалар бақ сынайды.
