Q Football

Нұрсұлтан Құрман футзал қауымдастығының президенті қызметінен кетті

Нұрсұлтан Құрман футзал қауымдастығының президенті қызметінен кетті

Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футзал қауымдастығының басшысы қызметін аяқтайтынын мәлімдеді.

Ол өз үндеуінде отандық футзалдың дамуына бірге үлес қосқан әріптестеріне, клуб басшыларына, жаттықтырушыларға, спортшылар мен жанкүйерлерге алғыс білдірді.

Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Талғатұлына сенім артып, қолдау көрсеткені үшін ерекше ризашылығын жеткізді.

Құрманның айтуынша, қауымдастықтағы қызметі үлкен жауапкершілікпен қатар, мол тәжірибе мен есте қаларлық сәттерге толы болған. Енді оның алдында жаңа жоспарлар мен бастамалар тұр. Функционер олар туралы алдағы уақытта бөлісетінін айтты.

Сонымен қатар ол Қазақстан футзалының дамуына қолдау көрсетуін жалғастыратынын атап өтті.

Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футзал қауымдастығының президенті қызметіне 2025 жылғы 11 шілдеде тағайындалған еді.