Q Football

Плей-оффтағы құрғақ жеңіліс: алматылық «Қайрат» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы матчта польшалық «Пясттан» жеңілді

Плей-оффтағы құрғақ жеңіліс: алматылық «Қайрат» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы матчта польшалық «Пясттан» жеңілді
АФК «Кайрат»

Алматылық «Қайрат» футзал клубы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы матчта Польшаның «Пяст» клубынан 0:2 есебімен жеңілді.

Польшаның Гливице қаласындағы «PreZero Аренада» өткен кездесу алматылық клубтың 0:2 есебімен жеңілуімен аяқталды. Алаң иелері екі голды да үзіліске дейін соқты: 15-минутта (14:07) Польша құрамасының капитаны Томаш Крезель есеп ашты, ал екі минуттан кейін (16:17) бразилиялық легионер Карлос Эдуардо Дилл «Пясттың» басымдығын еселеді. Айта кетейік, қазақстандық команда сырт алаңдағы ойынды қақпашы Бруно Томаселлисіз, шабуылшы Павел Карповсыз және бас бапкер Густаво Парадедасыз өткізді — «Қайраттың» ойынына оның көмекшісі Жозе Марсело Гомеш жетекшілік етті. 1/8 финалдың қарымта матчы 4 желтоқсанда Алматыда өтеді.