Q Football

«Мьельбю» «Қайратпен» матч үшін 18 сағат ұшақта өткізеді

«Мьельбю» «Қайратпен» матч үшін 18 сағат ұшақта өткізеді
© ФК «Мьельбю»

Швециялық клуб Конференциялар лигасының төртінші турындағы кездесу үшін Алматыға келді. Ойын алдында футболшылар Қазақстанда екі күн болады.

Bollsvenskan.se мәліметінше, команда дүйсенбі күні Копенгагендегі Каструп әуежайынан ұшып шығып, Ыстанбұл арқылы Алматыға жеткен. Алғашқы рейс шамамен үш жарым сағатқа, ал екіншісі бес жарым сағатқа созылған. Швециялықтар жұма күні таңертең ерте кері ұшып, үйлеріне кешке қарай оралады.

Ұзақ сапарға қарамастан, футболшылар бұл жолы ерекше тәжірибе ретінде қабылдауға тырысып жатыр.

«Қазақстанға енді ешқашан келмейтін шығармын. Сондықтан осы сапардан барынша ләззат алу ғана қалды», — деді «Мьельбю» футболшысы Якоб Леннартссон.

Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Мьельбю» арасындағы матч 26 қарашада Алматының Орталық стадионында өтеді. Кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да басталады.