«Мұнда келгенімізге қуаныштымыз. Бүгін жаттығу бар, ал ертең - үлкен ойын. Бұл матч біз үшін жақсы тәжірибе болады деп үміттенемін. Бірақ мәселе тек тәжірибеде емес: кем дегенде бір ұпай іліп әкетсек, керемет нәтиже болар еді. Бұған жету үшін 100% күш салуымыз керек. Бәсекеге түсуге толық мүмкіндігіміз бар», - деді футболшы.
Юккола бапкерлік ауыс-түйістен кейін команда ойынында өзгерістер байқалып жатқанын да атап өтті. Ол жаңа үдеріс енді басталғанын, жүйенің толық қалыптасуына уақыт қажет екенін айтты.
«Бапкерлік ауыс-түйістен бері көп уақыт өте қойған жоқ. Бұл - жаңа үдерістің басы, өзгерістерді қазірдің өзінде байқап отырмыз, бірақ жүйеге аздап уақыт керек. Жаттығу құрылымы да, ойынның өзі де өзгерді. Қазір негізгі екпіннің бірі қарымта прессингке түсіп отыр: енді әр ойыншы доптан айырылған сәтте бірден барынша белсенді қимылдауға міндетті. Бұл - кездесудің барысын бақылауда ұстау үшін сапалы орындалуы тиіс шешуші элемент. Біз доппен де, допсыз да өте белсенді болуымыз керек», - деп қосты жартылай қорғаушы.
Конференциялар лигасының 2026/27 маусымындағы жалпы кезеңнің үшінші турындағы «Аталанта» - «Қайрат» матчы 2026 жылдың 5 қарашасында, бейсенбі күні Бергамода өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.
