Молдова: Челядник, Ревенко, Бабогло, Йову, Герасименков, Рябчук, Фратя, Рацэ, Перчун, Клещенко, Попеску.
Қазақстан: Покатилов, Әліп, Ерланов, Қасым, Жағоров, Қараман, Әмір, Оразов, Чесноков, Самородов, Мрынский.
Кездесу Кишинев қаласында өтеді. Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады.
С дивизионының үшінші тобында төрт турдан кейін Словакия 10 ұпаймен көш бастап тұр. Фарер аралдары мен Молдованың еншісінде төрт ұпайдан бар. Қазақстан құрамасы екі ұпаймен соңғы орында келеді.
Командалар арасындағы алғашқы кездесу 2 қазанда Астанада өтіп, Молдова құрамасының 2:1 есебімен жеңісімен аяқталған еді.
