Елдар Аманбаевтың хабарлауынша, Әшірбекті биыл Қазақстан Премьер-лигасына оралған «Тұран» қатарынан көргісі келеді.
Бұған дейін оған «Ақтөбенің» айына он миллион теңге жалақы төлеуге дайын екені белгілі болған еді. Сондай-ақ Арсенге «Ордабасы» қызығушылық білдіріп отыр.
23 жастағы ойыншы Семейдің клубына қаңтар айында еркін агент ретінде қосылған еді. Ол содан бері 30 матчта үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Арсеннің «Елімаймен» келісімшарты 31 желтоқсанда аяқталады.
