«Соңғы 12 айда «Қайрат» «Сан-Сирода» «Интерден» 1:2 есебімен ұтылды, ал Лондонда «Арсеналдан» 2:3 болып есе жіберді. Футбол тұрғысынан әлсіздеу көрінетін елдердің өзі соңғы жылдары орасан ілгеріледі. Бұл - қауіпті команда. Дегенмен олар жуырда бас бапкерін ауыстырды, ал бізде талдауға материал аз», - деді Сарри Sky Sport-қа берген сұхбатында.
А сериясында «Пармаға» өз алаңында 0:3 есебімен жеңілгеннен кейін «Аталанта» еурокубок кездесуіне дайындықты Дзингониядағы клуб базасында жалғастырып жатыр.
Екі турдан кейін Конференциялар лигасында бергамолықтардың қоржынында үш ұпай бар, ал «Қайрат» бір ұпай жинаған. Матч 2026 жылдың 5 қарашасында «Стадио ди Бергамо» стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.
