Q Football

«Рома» «Реалдың» шабуылшысына көз тікті

«Рома» «Реалдың» шабуылшысына көз тікті

La Gazzetta dello Sport басылымының мәліметінше, римдіктер Эндрик Фелипені шамамен бір айдан бері назарда ұстап отыр.

Жалға алу және сатып алу құқығы бар нұсқа талқылануда.

2025/2026 маусымының екінші бөлігін Эндрик Францияда өткізді — ол «Лион» сапында жалға алу негізінде ойнады.

Онда шабуылшы барлық турнирде 21 матч өткізіп, сегіз гол соғып, сегіз голдық пас берді. «Трансфермаркт» футболшыны 40 млн еуроға бағалайды.

Өткен маусымда «Рома» А сериясында үшінші орын алды.