Нидерландтық бапкер өзінің жеке жаттықтырушылар штабынсыз жұмыс істеуіне де түсініктеме берді. Оның айтуынша, команда нәтижесіне толық жауап береді және тамыз айынан бері бірге жұмыс істеп келе жатқан қазақстандық мамандардың жұмысына көңілі толады.
«Егер бізде қалаған нәтижелер болмаса, мәселе мен өзіммен бірге алып келген ассистенттердің жоқтығында емес», — деп атап өтті ван ’т Схип.
Маман Молдовамен өткен кездесудің екінші таймында ойыншылардың батылырақ әрекет етіп, шабуылды жиі ұйымдастырғанын айтты. Ал Фарер аралдарына қарсы матчта тепе-теңдікті сақтау маңызды, өйткені қарсылас жылдам шабуылдарда қауіпті.
Тығыз ойын кестесіне байланысты бастапқы құрамда өзгерістер болуы мүмкін. Соңғы шешім футболшылардың жағдайы бағаланғаннан кейін қабылданады.
Жанкүйерлердің сынына қатысты бапкер қазіргі нәтижелердің күткен деңгейде емес екенін мойындады. Дегенмен ол команда жеңіс үшін бар күшін салатынын жеткізді.
«Қазақстан және оның жанкүйерлері үшін ойнап, оң нәтижеге қол жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», — деді бапкер.
Ұлттар лигасының үш турында Қазақстан бір ұпай жинап, С дивизионының 3-тобында соңғы орында келеді.
