Сырт алаңда өткен ойында Дувікас хет-трик жасап, бұған қоса бір голға нәтижелі пас берді. Осы көрсеткіштері оған ойын аптасының қорытындысы бойынша ең жоғары жеке марапатты алып келді.
Дауыс беру нәтижесінде екінші орын «ЛАСК» командасының жартылай қорғаушысы Каспер Йоргенсенге бұйырды. Ол «Слованға» қарсы матчта екі гол соғып, австриялық клубтың 4:0 есебімен жеңуіне көмектесті.
