Басылым авторлары алаң иелері үш ұпайды еншілейді деп есептеп, болжамды есепті де атады.
«Қазақстан мен Фарер Ұлттар лигасында мәз емес нәтиже көрсетіп жүр. Сондықтан Астанада екі команда да биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне жету үшін бар күшін салады деп күтуге болады. Қағаз жүзінде бұл құрамалардың күші шамалас, бірақ ван 'т Схиптің командасы өз жанкүйерлерінің қолдауын барынша пайдаланып, толық ұпай жинайды деп ойлаймыз. Болжам — 2:1, Қазақстанның пайдасына», — делінген мақалада.
Ойын бүгін, 6 қазанда Қазақстан астанасында өтеді. Кездесу сағат 19:00-де басталады.
