Q Football

Ван ’т Схиптің тұрақтылығы: басқа ел — нәтиже баяғыдай

Ван ’т Схиптің тұрақтылығы: басқа ел — нәтиже баяғыдай

Нидерландтық маман екінші жыл қатарынан халықаралық деңгейде жеңіске жете алмай келеді.

2025 жылдың ақпанында Джон Армения құрамасының бас бапкері атанып, командамен төрт ай жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде оның шәкірттері Грузиядан екі рет (0:3 және 1:6) және Косоводан бір рет (2:5) жеңіліп, Черногориямен (2:2) тең ойнады.

Армениядан кеткеннен кейін 14 ай өткен соң ван ’т Схип Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде таныстырылды. Әзірге мұнда да жеңіс жоқ: Фарер аралдарымен екі рет тең түсті (1:1 және 2:2), сондай-ақ Словакиядан (1:2) және Молдовадан (1:2) жеңілді.

Нидерландтық маманның Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарты Ұлттар лигасының қараша айындағы тағы екі матчы аяқталғанға дейін күшінде. Қазақстан құрамасы 13 қарашада сырт алаңда Молдовамен, ал 16 қарашада өз алаңында Словакиямен кездеседі.