«Қазір олар қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. Бірақ біз «Манчестер Юнайтедтің» ең үздік нұсқасына қарсы ойнайтындай дайындалып жатырмыз. Олардың құрамында ерекше деңгейдегі футболшылар бар», – деп келтіреді Гасперинидің сөзін Corriere dello Sport басылымы.
Сонымен қатар «Романың» өзі де құрамдағы елеулі қиындықтарға тап болды. Жарақатына байланысты Лоренцо Пеллегрини, Пауло Дибала және Ману Коне кездесуге қатыса алмайды. Бапкердің айтуынша, әсіресе алаң ортасында ойыншылардың жетіспеушілігі қатты сезіліп отыр.
Гасперини командасының әйгілі стадионда оң нәтижеге қол жеткізетініне үміт білдірді. Римдіктер бұл матчқа «Удинезені» 5:2 есебімен жеңгеннен кейін келеді. Сол жеңіс олардың А Сериясында үшінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.
