Q Football

«Бізді жайымызға қалдырсын»: Жозе Моуриньо Ла Лигаға наразылығын білдірді

«Бізді жайымызға қалдырсын»: Жозе Моуриньо Ла Лигаға наразылығын білдірді

«Реал» бас бапкері «Валенсияға» қарсы кездесуден кейін (3:0) лига басшылығын сынға алды

«Барселона» мен «Атлетико» сейсенбі, жексенбіде ойнайды. Онда неге біз сәрсенбі мен сенбіде алаңға шығуымыз керек? Афинадан жол жүріп, түнгі үште қондық. Өтініш, бізді жайымызға қалдырыңыздаршы»,— деді 63 жастағы португалиялық маман баспасөз мәслихатында.

Мадридтің клубы 4 қараша күні Чемпиондар лигасында Грекияға барып, АЕК-ті (3:2) жеңген еді.

12 турдан кейін 30 ұпай жинаған «бланкос» ішкі біріншілікте екінші орында келеді.