Q Football

Ямаль Мбаппенің рекордын жаңартты

Ямаль Мбаппенің рекордын жаңартты

«Барселона» шабуылшысы Чемпиондар лигасының төртінші турында «Астон Вилла» (3:0) қақпасының торын тулатты

Осылайша Ямаль қарт құрлықтың басты клубтық додасында 20 жасына дейін ең көп гол соққан ойыншы атанды. Ламин 14-голын соғып, бұған дейін 13 голмен көш бастап тұрған Килиан Мбаппенің рекордын жаңартты.

19 жастағы испаниялық вингер осы маусымда 15 матчта 13 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді. Оның Каталония клубымен келісімшарты 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.