Шетелдік баспасөз фавориттер қарсыластың қорғаныс шебін бұзып өту кезінде орасан зор қиындықтарға тап болғанын атап өтті. Мақала авторлары словактарға бұл жеңіс үлкен қиындықпен келгенін, ал үш ұпайдың тағдырын Лео Зауэр мен Давид Ганцконың дәл соққылары шешкенін жазды.
Қазіргі таңда Словакия ұжымы жүз пайыздық нәтижемен алты ұпай жинап, С дивизионының үшінші тобында көш бастап келеді. Джон ван ’т Схиптің шәкірттері бір ұпаймен квартетте үшінші орында тұр. Келесі тур 2 қазанға жоспарланған: Қазақстан құрамасы өз алаңында «Астана Арена» төрінде Молдованы қабылдайды, ал Словакия сырт алаңда Фарер аралдарының футболшыларына қонаққа барады.
